вторник, 17 сентября 2013 г.

«Бір ел – бір кітап» акциясы


Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген.
Елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биылғы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақстандықтар белгілі қазақ ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр кітабын оқиды. Онда автордың әр жылдары жарық көрген лирикалық өлеңдері енген. Кітапта бүгінгі қоғамда ерекше орын алатын әйел бейнесі сомдалған. Өлеңдерден оқырман екі кейіпкерді аңғарады ол: лирикалық «Мен» және лирикалық «Ол». Оның бірі – адамшылық шыңына жетелесе, екіншісі – шексіздік пен үмітсіздікті бейнелеген. 
«Қай халықтың әдебиетін, қай кездегі әдебиетін алып қарасаңыз да, өз ішінде байқалатын қарайластары болады. Өмір ортақ, тақырыптар ортақ, күнделікті таласы да, таразысы да ортақ, арманына қарай ұмтылысы да ортақ болған соң әр дәрежедегі қарайластықтар да табиғи жайға жатады. Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін»,- Ғабит Мүсірепов. 

0 коммент.:

Отправить комментарий