вторник, 17 сентября 2013 г.

Өмірі жырмен өрілген

Фариза Оңғарсынова шығармашылығы ұлт мақтанышы болар мұраға айналып отыр. Ақын шығармашылығы шындыққа бас июге негізделген. Оның әр өлеңінен шындыққайсарлықадамгершілікмахаббат пен сенім көрініс тапқан.
... Жастар – жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ әм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары... – иә, Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің жастарға берері мол. Тіпті, аға буынға қарағанда, ақынды жас ұрпақ көбірек оқып, шығармашылығына тәнті болуда. Көкіректерін көлегейсіз жайып салар сырлас іздегенде жастар осы ақынымызды айналып өте алмасы сөзсіз.
«Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын»,- деп Әбділда Тәжібаев ағамыз айтқандай,  мына бір өлең жолдарын оқысаң шабыт аларың сөзсіз:
«Халқымсыз тілегімді кім тілерін
білмеймін, сөз таба алмай іркілемін.
Ол жалғыз мені туған ауыл емес,
ол мынау қазақ атты жұртым, елім».
Фариза Оңғарсынованы ерекше тұлға дер едім. Ақын өмір құбылыстарын қаз-қалпында жеткізе білген. Оның махаббат лирикасының өзі сирек құбылыс.
Қазақ поэзиясын кемелдендіріп, шабыттандыра түсетін үміт-сеніміміз жастар десек, олардың алдында тұрған көшбасшы жүйріктеріміздің бірі —  осы Фариза Оңғарсынова сынды қаламгерлеріміз. Фариза Оңғарсынова — поэзияда да, прозада да шыңнан көрінер хас дүлдүл десем артық айтпаспын. 

0 коммент.:

Отправить комментарий