вторник, 17 сентября 2013 г.

Өмірі жырмен өрілген

Фариза Оңғарсынова шығармашылығы ұлт мақтанышы болар мұраға айналып отыр. Ақын шығармашылығы шындыққа бас июге негізделген. Оның әр өлеңінен шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат пен сенім көрініс тапқан. ... Жастар – жара түспеген жанына әлі түсінгендей жанымды табынады; менің асқақ әм мұңды жырларымды іздеуі хақ солардың, сағынары... – иә, Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің жастарға берері мол. Тіпті, аға буынға қарағанда, ақынды жас ұрпақ көбірек оқып, шығармашылығына тәнті болуда. Көкіректерін көлегейсіз жайып салар сырлас...

«Бір ел – бір кітап» акциясы

Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Елімізде «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биылғы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақстандықтар белгілі қазақ ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр кітабын оқиды. Онда автордың әр жылдары жарық көрген лирикалық өлеңдері енген. Кітапта бүгінгі қоғамда ерекше орын алатын...